Эвкалипт майы қосылған Санорин несімен ерекшеленеді?
Жұқпалы риниттің бастапқы сатысына мынадай клиникалық көрініс белгілері тән: мұрын қуысының құрғауы және күюі. Эвкалипт майы қосылған Санорин эмульсиясы мұрынның тітіркенген сілемейлі қабықшасын жағымды бүркеп, мұрынды жылдам ашады.
Эвкалипт майы өзінің емдік қасиеттерімен танымал: бактерицидті, вирусқа қарсы антисептикалық әсерге ие.
Санорин спрейінің мөлшерлегіш құрылғысы қалай жұмыс істейді?
Спрейді алғаш қолданған кезде аэрозольдің шағын бұлты пайда болғанша мөлшерлегіш құрылғыны бірнеше рет басып көрген жөн. Тура қолданар алдында қорғаныс қалпақшасын шешіп, ішінде препараты бар сауытты тігінен ұстап, мөлшерлегіш құрылғының ұшын мұрын қуысына кіргізіп, содан соң аппликаторға жылдам әрі бірден басып қалу керек. Шашырата салысымен мұрынмен бірден жеңіл тыныс алған жөн. Препаратты қолданып болғаннан кейін аппликаторды қорғаныс қалпақшасымен жауып қою керек.
Санорин спрейі жылдам әсерді қамтамасыз етеді және қолданылуы ыңғайлы, оны дәріханадан қол жетімді бағаға сатып алуға болады.
Эвкалипт майы қосылған Санорин тамшыларының түсі қандай болуы керек?
Нафазолин қосылған дәстүрлі Санорин тамшылары мөлдір және тіпті түссіз ерітінді түрінде, ал эвкалипт майы қосылған Санорин ақ гомогенді эмульсия түрінде ұсынылған.
Тамыр тарылтатын Санорин препаратын қаншалықты ұзақ пайдалануға болады?
Ересектерге қолдану ұзақтығы – ең көбі 7 күн
Балаларға қолдану ұзақтығы: Санариннің 0,05% назальды тамшыларын – ең көбі 3 күн..
Үзілістен кейін бірнеше күннен соң препаратты қолдануды жаңартуға болады.
Тамыр тарылтатын тамшылар қай уақытта керек?
Мұрынмен тыныс алуды жақсарту үшін және тұмаудың созылу уақытының үштен бірін қысқарту үшін.
Созылмалы ринит жіті болған және асқынған кезде мұрынның қатты бітелуін жеңілдету үшін.
Жергілікті қолдануға арналған өзге препараттарды жеткізуді жеңілдету үшін.
Отиттер мен синуситтердің профилактикасы үшін әуеде ұшған кезде.
Орта отитті кешенді емдеу мен алдын алу құрамында
Түрлі мұрын ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру үшін.