Бұл бетте осы сайтқа кіретін барлық интернет-пайдаланушыларға таралатын талаптар сипатталған. Аталмыш талаптармен танысқан соң Сіз өзіңізге үнсіз келісімі бойынша оларды орындау міндеттемесін аласыз. Талаптар кез келген уақытта өзгеруі мүмкін болғандықтан Сізге олардың жаңартуларын ұдайы қадағалап отырған жөн.
Сайттың бұл бөлімі Мәскеу қ. «Ксантер Фарма» ЖШҚ-ң (бұдан әрі «Ксантер Фарма компаниясы» деп аталады) қолдауымен құрылып, жұмыс істейді. Сайт бөлімінің орналасуы және әрбір құрамдас бөлігі, сонымен қатар тауар таңбалары, логотиптер зияткерлік меншік туралы қолданыстағы заңдармен қорғалған және Ксантер Фарма компаниясына және/немесе оның үлестес компанияларына тиесілі, оларды Ксантер Фарма компаниясының жазбаша рұқсатымен ғана пайдалануға болады. Ксантер Фарма компаниясының алдын ала жазбаша келісімін алмай, Сайт Бөлімінің кез келген құрамдас бөліктерін толығымен немесе ішінара көшіруге, көшірмесін алуға, өзгертуге, редакциялауға, жүктеуге, жаңартуға, табыстауға немесе қайсы бір нысанда және қайсы бір тасымалдаушыда таратуға тыйым салынған. Дербес компьютерге коммерциялық мақсатта емес, жеке пайдалануға арнап қана көшіруге рұқсат етіледі. Ксантер Фарма компаниясының рұқсатымен жасалған Сайт Бөлімінің толық немесе ішінара мазмұнының барлық көшірмелерінде мынадай хабарлама болуы тиіс: «www.sanorin.ru ©2017. «Ксантер Фарма» ЖШС (Ресей), Мәскеу қ.БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН»;.
Кез келген рұқсат етілген пайдалану кезінде Сайт Бөлімін құрайтын немесе Сайт Бөлімінде көрсетілген нысандардың қасиеттері өзгеріске шалдықпауы тиіс, жаңартылмауы тиіс немесе қайсы бір нысанда қайта өңделмеуі тиіс. Ксантер Фарма компаниясы және/немесе оның үлестес компаниялары зияткерлік меншік құқықтары бұзылған кез келген жағдайда сотқа жүгіну құқығын сақтап қалады.
Сайт бөлімінде орналасқан ақпарат, әсіресе, қаржылық ақпарат, инвестициялауға итермелеу ретінде қарастырылмауы тиіс. Бұл ақпарат ешбір жағдайда әлеуетті не жария ұсыныс ретінде бағаланбауы тиіс, сонымен қатар ол Ксантер Фарма компаниясының және/немесе онымен үлестес компаниялардың акцияларына жазылу, акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын сатып алу немесе айырбастау ұсынысы болып табылмайды.
Сайт Бөлімі сондай-ақ адамның денсаулығына, физикалық жәй-күйіне, білім саласы ретінде медицинаға, медициналық көмекке қатысты ақпаратты қамтиды және бұл ақпарат адамға ғана таралады. Бұл ақпарат Сайт Бөлімінде ақпарат үшін ғана жарияланады және Сіздің емдеуші дәрігеріңіздің нұсқауларын алмастырмайды. Бұл ақпарат ешбір жағдайда диагноз қою үшін, аурудың себептерін немесе физикалық мәселелердің туындау себептерін анықтау үшін немесе Сайт Бөлімінде ұсынылған дәрілік препараттарды тағайындау не қолдану үшін қолданылмауы тиіс. Сізге барлық жағдайда Өз емдеуші дәрігеріңізбен кеңесу керек.
Сайт Бөліміндегі сілтемелер арқылы көшуге болатын үшінші тұлғалардың сайттарына қатысты КсантерФарма компаниясының міндеттемелері мен жауапкершілігі тарамайды. КсантерФарма компаниясының осындай үшінші тұлғаларға тиесілі сайттардың мазмұнын бақылауға мүмкіндігі жоқ, олар толығымен Ксантер Фарма компаниясына тәуелсіз болып қалады. Сондай-ақ, Сайт Бөлімінде қайсы бір үшінші тұлғалардың сайтына сілтеменің болуы ешбір жағдайда Ксантер Фарма компаниясының осы сайттың мазмұнын, атап айтқанда, одан алуға болатын пайданы мақұлдайтынын білдірмейді.
Сондай-ақ, Сіз Өз компьютеріңізді Сайт Бөлімі арқылы бір немесе одан да көп компьютерлік вирустарды, "Троянский конь" сынды зиянкес бағдарламаларды немесе басқа да кез келген "вирустарды".жұқтырып алудан қорғауға қажетті шапраларды қолдануға жауапты болып табыласыз.
Сыртқы сайттарда Сайт Бөліміне гипермәтіндік сілтемелер болуы мүмкін. Бұндай сілтемелер Ксантер Фарма компаниясының алдын ала тікелей берілген келісімінсіз құрылмауы тиіс. Кез келген жағдайда Ксантер Фарма компаниясы ешбір жағдайда осындай сайттардың қол жетімсіздігі үшін жауап бермейді, сонымен қатар аталмыш сайттарды зерттеумен, тексерумен немесе мақұлдаумен айналыспайды және оларды толықтыруға, жарнамалауға, осындай сайттарда немесе осындай сайттар арқылы қол жетімді өнім үшін және басқа да құрамдас бөліктер үшін жауап бермейді.
4.1.Нысанды толтырып, Өз дербес деректеріңізді Ксантер Фарма компаниясына бере отырып, Сіз Ксантер Фарма компаниясының препараттарын қолданумен байланысты жағымсыз әсерлерге қатысты Сіздің сұратуыңызға жауап беру мақсатында Сіз:115035, Ресей, Мәскеу, Садовническая жағалауы, 75-үй, «Аврора» БО мекенжайы бойынша орналасқан Мәскеу қ., Ксантер Фарма компаниясына ұсынған дербес деректерді өңдеуге өз келісіміңізді (бұдан әрі-Келісім) бересіз. Ксантер Фарма компаниясының препараттарымен байланысты жағымсыз әсерлерге қатысты кез келген кері байланыс дәрілік құралды қолдану жөніндегі кеңес, ұсыным немесе дәрігерлік тағайындау болып табылмайды, бірақ дәрілік құралды және/немесе онымен байланысты жағымсыз әсерлерді сипаттайтын ақпарат болып қана табылады.
Осы құжат арқылы Сіз Өз дербес деректеріңізді Ксантер Фарма компаниясына, оның ішінде трансшекаралық жолмен, сонымен қатар мердігер мен Ксантер Фарма компаниясы арасында жасалған шартты орындау мақсатында Сайт Бөліміне қатысты техникалық қолдау көрсететін және басқа да қызметтерді көрсететін Ксантер Фарма компаниясының уәкілетті мердігеріне табыстауға келісетініңізді растайсыз. Ксантер Фарма компаниясының уәкілетті мердігерін қоспағанда, Ксантер Фарма компаниясы Сіздің келісіміңізсіз Сіздің дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға ашпауға және таратпауға міндеттенеді. Ксантер Фарма компаниясы Сіздің дербес деректеріңіздің конфиденциалдылығы мен қауіпсіздігін қамтамасы етуге міндеттенеді. Ксантер Фарма компаниясының ішінде Сіздің дербес деректеріңіз уәкілетті персоналға ғана табысталуы немесе қол жетімді болуы мүмкін.
Дербес деректерді өңдеу келісімі қолданыстағы заңнамада өзге жағы қарастырылмаған болса,Сіз осы деректерді Ксантер Фарма компаниясына ұсынған сәттен бастап 75 (жетпіс бес) жыл ішінде жарамды болып табылады. Сіздің Ксантер Фарма компаниясының мына пошталық мекенжайына сәйкес жазбаша сұратуды жолдау арқылы дербес деректерді өңдеуге берген келісіміңізді кері шақыруға құқығыңыз бар: 115035, Ресей, Мәскеу, Садовническая жағалауы, 75-үй, «Аврора» БО, бірақ сұрату аталмыш дербес деректерді өңдеуді тоқтатуды талап ететін сәтке дейін кемінде 60 (алпыс) күн бұрын жолдануы тиіс, бұл ретте, өз келісіміңізді кері шақырған жағдайда Сіз Өз деректеріңізді өңдеудің жоғарыда көрсетілген мақсаттарына қол жеткізілмейтінімен келісесіз.
4.2. Бұл Сайт Бөлімі Сізден дербес деректеріңізден басқа, конфиденциалды ақпарат алуға арналмаған. Демек, Сіздің дербес деректеріңізден басқа, нысанына тәуелсіз кез келген ақпарат – құжат, деректер, графикалық бейне, сұрақ, ұсыныс, идея, түсіндірмелер немесе Сіз Сайт Бөлімі арқылы ұсынған ақпарат ұсынудың өзге нысаны ешбір жағдайда конфиденциалды ақпарат болып есептелмейді. Осылайша, Сіздің осы ақпаратты ұсынуыңыз Сіздің сұратуыңызбен жұмыс істеу үшін Ксантер Фарма компаниясына аталмыш ақпаратты пайдалану, көшіру, жариялау, өзгерту, бірақ мұнымен шектелмей, Сіздің сұратуларыңызды қарастыру мақсатында үшінші тұлғаларға салу құқығын береді.
Ксантер Фарма компаниясы өз мүмкіндіктерінің шегінде Сайт Бөлімінде жарияланатын ақпараттың барынша дәлділігі мен өзектілігін қамтамасыз етуге тырысады. Ксантер Фарма компаниясы алдын ала хабарландырусыз кез келген уақытта Сайт Бөлімін толықтыруды түзету құқығын өзіне қалдырады. Бірақ Ксантер Фарма компаниясы Сайт Бөлімінде қол жетімді болатын ақпараттың дәл, дұрыс, өзекті әрі толық болып табылатындығына кепілдік бере алмайды. Ксантер Фарма төмендегілер үшін ешқандай жауапкершілік арқаламайды:
Компоненты Раздела Сайта или любых других сайтов представлены «как есть» без каких-либо гарантий, подразумеваемых или явно выраженных. Ксантер Фарма не предоставляет никаких подразумеваемых или явно выраженных гарантий ни в отношении содержания Раздела Сайта, ни в отношении возможных последствий его использования.
Бұл сайтта денсаулық сақтау саласындағы мамандарға арналған бөлім бар. Сайттың осы бөліміне орналастырылған бүкіл ақпарат денсаулық сақтау саласының мамандарына-медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге ғана арналған. Сайттың осы бөліміне көшу үшін кіруші өзінің денсаулық сақтау саласының маманы болып табылатындығын және осы сайт бөліміне орналастырылған ақпаратқа қол жеткізу құқығына ие екенін растауы тиіс. Кіруші денсаулық сақтау саласының маманы болмаған жағдайда, оның Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасының ережелеріне сәйкес осы сайт бөлімінде орналасқан ақпаратқа қол жеткізуге құқығы болмайды.
Ксантер Фарма компаниясы Сізге (І) Сайт Бөлімін қайсы бір ақауларсыз қамтамасыз етудің техникалық жағынан мүмкін еместігі туралы және КсантерФарма компаниясының бұндай міндеттемені өзіне ала алмайтындығы туралы; (II) ақаулардың Сайт Бөлімінің уақытша қол жетімсіздігіне алып келуі мүмкін екендігі туралы; және (III) Сайт Бөлімінің жұмысына Сіз бен Ксантер Фарма компаниясының және Ксантер Фарма компаниясы мен өзге желілердің арасындағы ақпарат беру және байланысу әдістері сияқты Ксантер Фарма компаниясы бақылай алмайтын оқиғалардың және/немесе әрекеттердің теріс әсер етуі мүмкін екендігі туралы хабарлайды. Ксантер Фарма компаниясы және/немесе оның мердігерлері кез келген уақытта техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау үшін және/немесе Сайт Бөлімін жаңарту және/немесе өзгерту үшін Сайт бөлімінің немесе оның кез келген бөлігінің жұмысын уақытша немесе тұрақты өзгерте алады немесе үзе алады. Ксантер Фарма компаниясы қайсы бір өзгерістер үшін, Сайт Бөлімінің уақытша тоқтатылуы немесе ақаулары үшін ешқандай жауапкершілік арқаламайды.
Сайттың бөлімі мен оның мазмұны Ресей Федерациясының заңнамасымен реттеледі және Сайттың Бөлімімен байланысты кез келген дау Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Сайт бөлімін құрушы ұйым – «Ксантер Фарма» ЖШҚ: 115035, Ресей, Мәскеу, Садовническая жағалауы, 75-үй, «Аврора» БО.